Ясир Арафаттың уланып өлгені анықталды

Фотография - Ясир Арафаттың уланып өлгені анықталды

Палестинаның бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың шынайы өлімі енді анықталды. Көсемнің неден көз жұмғанын ұзақ уақыт бойы тексерген халықаралық комиссия оның полоний затынан уланып өлгенін дәлелдеп отыр

157 0

Палестинаның бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың шынайы өлімі енді анықталды. Көсемнің неден көз жұмғанын ұзақ уақыт бойы тексерген халықаралық комиссия оның полоний затынан уланып өлгенін дәлелдеп отыр.

"Коммерсантъ" баслымының жазуынша, сараптаманың қорытындысы Арафаттың жесіріне берілген. Әрі қарай не істеу керек екенін Суха Арафаттың өзі шешеді.

Айта кетейік, сараптаманы Франция, Шыейцария және Ресей елінің мамандары жүргізді. Олар марқұмның денесін 2012 жылы қайта қазып алып, ішкі органдарына тексеру жүргізген - деп хабарлады  baq.kz

Ясир Арафаттың полоний-210 деп аталатын элементтен уланып өлуі мүмкін деген жорамалды швейцарлық сарапшылар айтқан болатын. Өйткені, зерттеу кезінде оның киімдерінен аталған улы заттың іздері табылыпты.

Арафат 2004 жылы 75 жастан асқан шағында көз жұмды. Оның өліміне байланысты мамандар нақты ешқандай ақпарат берген жоқ болатын. Тек, аяқ астынан сырқаттанып қайтыс болды делінген


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!