Сомали қарақшыларының көшбасшысы Бельгияда тұтқындалды

Фотография - Сомали қарақшыларының көшбасшысы Бельгияда тұтқындалды

Сомали қарақшылары тобының көшбасшысы, Афвейн лақап атымен танымал Мохаммед Абди Хассан Брюссельдегі халықаралық әуежайда полиция қызметкерлерінің қолына түсті

221 0

Сомали қарақшылары тобының көшбасшысы, Афвейн лақап атымен танымал Мохаммед Абди Хассан Брюссельдегі халықаралық әуежайда полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

М.Хассан Кенияның Найроби қаласынан келген ұшақ бортынан түскен кезде ұсталды. Осыдан кейін күдікті Бельгияның Брюгт қаласына жеткізіліп, судья оны қарақшылық жасау күдігімен тұтқынға алу туралы шешім қабылдады.

БҰҰ баяндамаларында Афвейн мен оның ұлы соңғы жылдары Сомали жағалауларында қарақшылықпен айналысатын ең танымал әрі қуатты қарақшы ретінде аталады. Сарапшылардың бағалауынша, ол 2005 жылдан бері қарақшылық кәсібімен миллион доллар пайда тапқан - деп хабарлады  ҚазАқпарат

М.Хассанның Бельгияға не үшін келгендігі белгісіз. Дегенмен, өткен жылы қарақшылар басшысы өзінің арам істерін қойып, саясатқа бет бұратындығын мәлімдеген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!