Мәскеуде 1600 мигрант ұсталды

Фотография - Мәскеуде 1600 мигрант ұсталды

Мәскеуде құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп, 1600-ге тарта мигрантты ұстады

127 0


Мәскеуде құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп, 1600-ге тарта мигрантты ұстады. Операция Мәскеудің Бирюлево ауданында ұлты орыс жас жігіттің қазасынан соң басталған жаппай толқулардан бір күн өткеннен кейін жүргізілді. Жергілікті тұрғындар жас жігіттің өліміне кавказдық азаматты кінәлайды.

Өткен жексенбіде полиция 380 адамды ұстаған, олардың көпшілігі - негізінен ұлтшылдар мен футбол фанаттары. Тәртіпсіздіктерге қатысушылар полициямен қақтығысып, дүкендердің терезелерін, мигранттар жұмыс істейтін басқа да орындарды қиратқан.

Дүйсенбіде Бирюлевода 200-ге тарта адам қатысқан шеруден соң 10 адам ұсталған - деп хабарлады  azattyq.org

Мигранттар құқығын қорғаушы белсенділер Мәскеуде ұлтаралық зорлық-зомбылық тұтануы мүмкін деп ескертеді.

  • Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Владимир Лукин "ресейліктер бірге өмір сүріп, елді этникалық негізде бөлу әрекеттеріне қарсы тұруды үйренулері керек" деген.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!