Пәкістан экс-президенті қайтадан істі болды

Фотография - Пәкістан экс-президенті қайтадан істі болды

Пәкістан соты бұрынғы президент Асиф Әли Зардаридің үстінен коррупцияға қатысты бес айып бойынша қылмыстық істі қайта қозғады

275 0

Пәкістан соты бұрынғы президент Асиф Әли Зардаридің үстінен коррупцияға қатысты бес айып бойынша қылмыстық істі қайта қозғады. Сот 14 қазанда Зардариді 29 қазан күні сотқа келуге өкім шығарды.

Зардариге негізінен ол әйелі Беназир Бхутто тұсында премьерлік қызметті атқарған кезде пара алды және қаржы жымқырды деген айып тағылған. 

Зардари бес жыл президент болып, биыл қыркүйекте мерзімі аяқталған еді. Президентте қылмыстық қудаланудан қорғайтын иммунитет болғандықтан сот оған айып таға алмаған.

Президент болып сайланғанға дейін Зардари бірнеше жыл коррупция айыбы бойынша түрмеде отырып келген. Ол 2004 жылы сол кездегі президент Первез Мушарраф тұсында түрмеден босатылған - деп хабарлады  azattyq.org

Бірақ кейін жоғарғы сот Мушаррафтың Зардариді босату туралы жарлығының күшін жойып, оның үстінен қозғалған қылмыстық істерді қайта ашуға шешім шығарған.


Тегтер:

пакистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!