Мәскеудегі наразылықта жүздеген адам тұтқындалды

Фотография - Мәскеудегі наразылықта жүздеген адам тұтқындалды

Мәскеуде полиция 15 қазан күні кешке қарай Бирюлево ауданында Егор Щербаковтың кісі қолынан қаза тапқанына наразылық танытуға жиналған жүздеген жасты тұтқындады

111 0


Мәскеуде полиция 15 қазан күні кешке қарай Бирюлево ауданында Егор Щербаковтың кісі қолынан қаза тапқанына наразылық танытуға жиналған жүздеген жасты тұтқындады. Полицейлер тұтқындауды орыс жігітінің өліміне қатысы бар деген күдікпен бір мигрантты ұстағаннан кейін басталды.

Ұсталған күдікті - әзербайжандық Орхан Зейнелов. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Зейналов Мәскеу маңындағы Коломна қаласында өзін тұтқындау кезінде полицияға қарсылық көрсеткен.

Зейналов 10 қазан күні түнде Мәскеудің оңтүстігіндегі Бирюлево ауданында Щербаковты үйіне қайтып келе жатқанда өлтірді деп айыпталып отыр - деп хабарлады azattyq.org

Щербаковтың өлімі 13 қазанда Бирюлевода жаппай наразылық тудырып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Оған қатысқандар дүкендердің терезелерін шағып, мигранттар жұмыс істейтін көкөніс базарын қиратуға ұмтылған.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!