Обамаөз қызметінің басты артықшылығын айтты

Фотография - Обамаөз қызметінің басты артықшылығын айтты

АҚШ президенті Барак Обаманың пайымдауынша, «президенттік қызметтің ең пайдалы тұсы - телефон арқылы кез келген адаммен сөйлесу мүмкіндігі»

192 0

АҚШ президенті Барак Обаманың пайымдауынша, «президенттік қызметтің ең пайдалы тұсы - телефон арқылы кез келген адаммен сөйлесу мүмкіндігі». Бұл жөнінде ИТАР-ТАСС мәлімдеді.

NBC телеарнасына берген сұхбатында Обама: «Ең тамашасы - әлемдегі кез келген адаммен сөйлесе аласын. Мейлі, ол ғалым, спортшы, жазушы болсын. Егер мен қоңырау шалсам, олар міндетті түрде тұтқаны көтереді» деп сеніммен айтқан.

Жалпы, Ақ үй төріне Обама көптеген атақты адамдарды шақырып жүздескен. Соңғы кездегі қонақтар тізімінде әнші Кэрол Кинг, жазушы Джоан Дидион, «Балтимор рэйвенс» футбол командасының ойыншылары, «Жұлдызды жауынгерлер» (Звездные войны) киносының шығарушысы Джордж Лукас атты есімдерді көруге болады. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!