Хиллари Клинтонға Лондон автотұрағында айыппұл салынды

Фотография - Хиллари Клинтонға Лондон автотұрағында айыппұл салынды

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға Лонданға жасаған кезекті сапары кезінде автотұраққа көлігін дұрыс қоймағаны үшін айыппұл салынды

261 0

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға Лонданға жасаған кезекті сапары кезінде автотұраққа көлігін дұрыс қоймағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы бірқатар дерек көздеріне сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Клинтон Халықаралық қатынастар жөніндегі патшалық институты (Chatham House) жанында 45 минут бойы ешқандай да төлемсіз тұрған. Осы аралықта, автокөлікке тұрақ қызметкері келіп, 80 фунт стерлинг (шамамен 127 доллар) айыппұл жазып берген.

«Бір айта кетерлік жайт, дәл сол мезетте танымал ханымның жанында Құпия қызметтің бес агенті болды және де олардың біреуі айыппұл салушыға өз куәлігін көрсеткен де. Дегенмен, бәрібір де айыппұл жазылды», - деп атап өтеді Newtimes.kz.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!