Қазақстан заңгерін "Ходорковский ісіне" қатысты тінтті

Фотография - Қазақстан заңгерін "Ходорковский ісіне" қатысты тінтті

"Ресейлік құқық қорғау органдары "Ходорковский ісіне" қатысты қазақстандық адвокаттардың пәтерлері мен жұмыс кеңселеріне заңсыз тінту жүргізді" деп хабарлады Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Александр Розенцвайг

109 0

"Ресейлік құқық қорғау органдары "Ходорковский ісіне" қатысты қазақстандық адвокаттардың пәтерлері мен жұмыс кеңселеріне заңсыз тінту жүргізді" деп хабарлады Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Александр Розенцвайг.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Александр Розенцвайг оны бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында мәлімдеген. Оның айтуынша, Ресей тергеу комитетінің тергеушілері ресейлік олигарх, түрмеде отырған Михаил Ходорковскийдің ісі бойынша қазақстандық заңгер Игорь Новиковтың пәтері мен кеңсесіне тінту жүргізген. Олар "заңгердің клиенттеріне қатысы бар барлық мәліметтері, компьютерлер мен телефондарын тәркілеп әкетті. Тінту Мәскеудің Басман аудандық сотының санкциясымен жасалған" дейді Александр Розенцвайг.

Адвокаттың сөзінше, Ресей Игорь Новиков пен оның әйелі Елена Новикованы "Ходорковскийдің мүддесін көздеп, Ресей заңнамаларын гуманизациялауға әрекет етті" деп айыптап отыр. Ресейлік тергеушілер "Елена Новикова Ходорковскийдің қаржысына жұмыс істейді" деп мәлімдеген.

2007 жылы банкротқа ұшыраған "ЮКОС" компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский 2004 жылы «алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды» деген айыптармен сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін кассациялық шағым бойынша сот оған кесілген жазаның бір жылын қысқартқан - деп хабарлады azattyq.org

Бірақ 2010 жылы - жазасының мерзімі аяқталар алдында Ходорковскийдің үстінен екінші қылмыстық іс қозғалып, 14 жылға сотталған. Кейіннен Мәскеу қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Михаил Ходорковскийдің жаза мерзімін бір жылға кемітті. Ал 2012 жылы 20 желтоқсанда Мәскеу қалалық сотының төралқасы істі қадағалау тәртібімен қайта қарап, Ходорковскийге тағайындалған жаза мерзімін 13 жылдан 11 жылға қысқартты.

Жақтастары оның қудалануының саяси астары бар деп санайды.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!