АҚШ конгресі бюджет туралы заң жобасын мақұлдады

Фотография - АҚШ конгресі бюджет туралы заң жобасын мақұлдады

АҚШ сенатындағы Демократиялық және Республикашыл партиялардың жетекшілері елдің қарыз алу шегін ұлғайту және дефолтқа жол бермеу туралы келісімге келгендерін хабарлады

129 0

АҚШ сенатындағы Демократиялық және Республикашыл партиялардың жетекшілері елдің қарыз алу шегін ұлғайту және дефолтқа жол бермеу туралы келісімге келгендерін хабарлады. Елдің уақытша бюджетіне қатысты заң жобасын Республикашыл партия басым өкілдер палатасы мен демократиялық көпшілік орынға ие сенат мақұлдады. Заң жобасы бойынша 1 қазаннан бері жұмысын тоқтатқан бірқатар үкіметтік мекемелер қызметін қайта жалғастырады.

Сенатта көпшілік орынға ие демократтар жетекшісі Гарри Ридтің айтуынша, АҚШ үкіметі 15 қаңтарға дейін қаржыландырыла тұрмақ. Ал қарыз алу шегі келесі жылдың 7 ақпанына дейін ұзартылады.

Кейбір сенаторлардың айтуына қарағанда, құжатта азаматтардың медицина саласы туралы жаңа заң аясында субсидия сұрап, алаяқтық жасауының алдын алу қарастырылған.

Елдің уақытша бюджетіне қатысты заң жобасын конгрестегі өкілдер палатасы мен сенат мақұлдады. Енді құжат президент Барак Обаманың қол қоюына жіберілмек.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!