Царнаевтың туысы сотқа тартылды

Фотография - Царнаевтың туысы сотқа тартылды

Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті Джохар Царнаевтың әпкесі Айлина Царнаева жалған ақшаны пайдалану ісі бойынша Бостон федералдық сотына тартылды

168 0


Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті Джохар Царнаевтың әпкесі Айлина Царнаева жалған ақшаны пайдалану ісі бойынша Бостон федералдық сотына тартылды. 

22 жастағы Царнаева үш жыл бұрын мейрамханада жалған ақша төлемек болған жерінен ұсталған еді. Екі жарым жыл бұрын өткен алғашқы сот отырысынан соң кейінгі сотқа келмей қойғандықтан, оны қамауға алу туралы санкция шыққан. 

16 қазанда өткен тыңдаудан кейін ол 4 желтоқсанда өтетін сот отырысына дейін кепілсіз босатылды.

Адвокаты "Царнаеваның әрекеттерін теріс болжап отырған сотқа жағдайды түсіндіру үшін өз еркімен келгенін" айтады. Царнаева өзін айыпты санамайды.

Полиция "Царнаева мейрамханада бірге болып, кейін оны көлігімен алып кеткен күдікті туралы ақпарат беруден бас тартып отыр" дейді. 

Прокуратура судьядан Царнаеваны тек кепілге босатуды сұраған. Бірақ адвокаттары "жас баласы бар, аяғы ауыр Царнаеваның соттан бой тасалай алмайтынын" айтқан.

Бостондағы жарылыстардан соң Айлина Царнаева Федералдық тергеу бюросының агенттеріне жарылысқа күдікті бауырлары - Джохар және Тамерлан Царнаевтармен "бірнеше жыл бойы байланыста болмағанын" мәлімдеген.

15 сәуірде Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған. Жарылыстан соң негізгі күдіктінің бірі Джохар Царнаевпен араласқан қазақстандықтар - Қадырбаев пен Тәжаяқов тұтқындалды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!