Британдық «керең-мылқау» жетімге зорлық жасады деп танылды

Фотография - Британдық «керең-мылқау» жетімге зорлық жасады деп танылды

Отырыскерлер соты 84 жастағы Британ азаматы Ильяс Ашарды «керең-мылқау» жетімді үй қызметшісі ретінде пайдаланып, он жыл бойы зорлық жасап келген деп таныды

169 0

Отырыскерлер соты 84 жастағы Британ азаматы Ильяс Ашарды «керең-мылқау» жетімді үй қызметшісі ретінде пайдаланып, он жыл бойы зорлық жасап келген деп таныды. Бұл туралы бірқатар БАҚ-қа сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашар бұл үшін 2000 жылдары Пәкістаннан жалған құжат арқылы денсаулығында кемістігі бар жетім қызды алып келген. Ол кезде жәбірленуші 10 жаста болған екен.

Мұнан кейінгі кезеңде қыз оның Эклс (Eccles) қалашығындағы үйінің жертөлесінде тұрып, мәжбүрлі түрде үй шаруасындағы қызметтерді атқарған.

Ашармен бірге 68 жастағы Таллат Ашар және 46 жастағы Файзу Ашар да кінәлі деп танылып отыр. Оларға қыз атынан жалған құжаттар жасап, жәрдемақы алмақ болғандары үшін алаяқтық баптары бойынша айып тағылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!