The Guardian басылымы тергеуге түседі

Фотография - The Guardian басылымы тергеуге түседі

Британдық парламент танымал The Guardian басылымын құпия ақпараттың жайылуына қатысы бар деп отыр

6347 0

Британдық парламент танымал The Guardian басылымын құпия ақпараттың жайылуына қатысы бар деп отыр. Бұл туралы ИНТЕРФАКС агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, тергеуді Британ парламентінің ішкі істер комитеті жүргізеді. Оның барысында бұрынғы ОББ-нің (ЦРУ) қызметкері Эдвард Сноуден жария еткен құжаттардың газет басылымдарына қатыстылығы тексеріледі.

The Guardian өкілдерінің айтуынша, комитет төрағасы Кит Ваздың осындай әрекетке баруына Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі және парламент мүшесі Лиам Фокстің мәлімдемесі түрткі болған дейді. Еске сала кетсек, экс-министр The Guardian басылымына күдікпен қарап, елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деген.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!