Сирия келіссөзі қарашада өтпек

Фотография - Сирия келіссөзі қарашада өтпек

Сирия вице-премьері Қадри Жамиль "Женева-2" деп аталған, Сириядағы жағдайды реттеу бойынша бейбіт келіссөздің келесі кезеңі 23-24 қарашада өтетінін хабарлады

208 0

Сирия вице-премьері Қадри Жамиль "Женева-2" деп аталған, Сириядағы жағдайды реттеу бойынша бейбіт келіссөздің келесі кезеңі 23-24 қарашада өтетінін хабарлады. Қадри Жамиль бұл туралы бүгін Мәскеуге сапары барысында айтты. Бірақ БҰҰ мұны әзірге растаған жоқ. 

Қадри Жамиль Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешу жөніндегі халықаралық жиынның мерзімі өзгеруі мүмкін екенін, бірақ ол желтоқсанға дейін өткізілетінін айтты.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун кеше келіссөзді қарашаның ортасында өткізуге әрекет жасалып жатқанын айтқан еді.

Ал Сирияда жұмыс істеп жатқан халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым бүгін Сирияның химиялық қару арсеналдарын тексеру жұмыстарының жартысын аяқтағанын хабарлады.

Қыркүйекте АҚШ пен Ресей жасасқан келісім бойынша, Сирияның химиялық қарулары 2014 жылдың ортасына дейін жойылуы тиіс.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!