Сноуден: Құпия материалдарды Ресейге әкелмедім

Фотография - Сноуден: Құпия материалдарды Ресейге әкелмедім

Ресейде тұрып жатқан америка қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден Ресейге АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия материалдарын апармағанын мәлімдеді

161 0

Ресейде тұрып жатқан америка қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден Ресейге АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия материалдарын апармағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол New York Times басылымына берген сұхбатында айтты.

Сноуденнің айтуынша, ол барлық құпия құжаттарды Гонконгте жүрген кезінде журналистерге беріп кеткен, Мәскеуге олардың бір де бір көшірмесін әкелмеген. Ол бұған қоса құпия материалдарды "Қытай барлау қызметің қолына түсуден де сақтағанын" айтады. "Ресейдің, я Қытайдың бұл құжаттарды алуға еш мүмкіндігі жоқ" деген ол сұхбатында.

New York Times басылымы Сноуденмен сұхбат бірнеше апта бойына бірнеше бөліп жазып алынғанын айтады. Ол сұрақтарға интернет арқылы құпия таңбалармен жауап берген.

Басылымның жазуынша, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Сноуденнің сұхбатта айтқандарына қатысты түсінік беруден бас тартқан.

Сноуден Ресейден биыл тамызда бір жылға баспана алған. АҚШ оны құпия құжаттарды ұрлады деп айыптап, Ресейден оны қайтаруды талап етеді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!