Лукашенко Ресейден бір облысты беруін талап етті

Фотография - Лукашенко Ресейден бір облысты беруін талап етті

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Федерциясы құрамындағы Калининград облысының аумағын ежелден белорус жері деп есептейді. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

216 0

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Федерциясы құрамындағы Калининград облысының аумағын ежелден белорус жері деп есептейді. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Агенттік тілшісінің мәліметіне қарағанда, белорус батькасы енді бұл облысты қайтарып алуға қарсы емес. Мұнда ол ауыл шаруашылығы бизнесін дамытқан болар еді.

«Мен Калининград облысын бізге қайтарыңдар дегенді жиі айтып келемін, - деді Лукашенко. – Біз ондағы әрбір сотық жерді, әрбір гектар жерді жыртып, егін егіп, гүлденген өлке жасаған болар едік».

«Мен бұл жерлерді қуана қабылдап алар едім», - деді ол БАҚ өкілдерімен болған кездесуі кезінде тағы да.

Бұл әңгіме жақында Литва мемлекеті Ресей мен оның батыстағы бөлігі – Калининград облысының бір-бірімен қарым-қатынас жолын жауып тастамақ болып, айбат шеккеннен кейін шығып отыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!