Сегіз ай тұтқында жатқан БҰҰ қызметкері сириялық содырлардан қашып кетті

Фотография - Сегіз ай тұтқында жатқан БҰҰ қызметкері сириялық содырлардан қашып кетті

Сирия содырларының қолында сегіз ай тұтқында болған БҰҰ бітімгерлік миссиясының қызметкері Карл Кампу босатылды

206 0

Сирия содырларының қолында сегіз ай тұтқында болған БҰҰ бітімгерлік миссиясының қызметкері Карл Кампу босатылды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несирки мәлімдеді.

Несиркидің айтуынша, Канада азаматы Кампудың денсаулығы жақсы.

Кампу Израиль мен Сирия әскерлерінің бөлінуін бақылау бойынша БҰҰ Күштерінің заңды кеңесшісі болып жұмыс істеп, ақпан айында тұтқынға түседі. БАҚ таратқан ақпараттарға қарағанда, Сирия астанасында туризм фестивалі ұйымдастырылып, нәтижесінде Кампу жалғыз өзі содырлардан қашып кетеді. Сирия билігі оны БҰҰ-ға қайтарады.

«Біз Карл Кампудың босатылғанына қуаныштымыз. Бас хатшы бұл жаңалыққа қатты қуанды, соңғы айлар ішінде ол оқиғаның өрбуін өте мұқият қадағалаған болатын», - деді Мартин Несирки.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!