AI ирандық тұтқынды екінші рет дарға аспауды талап етті

Фотография - AI ирандық тұтқынды екінші рет дарға аспауды талап етті

Amnesty international (AI) ұйымы Иран билігінен өлім жазасымен дарға асылып, аман қалған ирандықты екінші рет дарға аспауды талап етті

101 0

Amnesty international (AI) ұйымы Иран билігінен өлім жазасымен дарға асылып, аман қалған ирандықты екінші рет дарға аспауды талап етті.

37 жастағы тұтқын, Алиреза М. деп аталған ирандық өткен аптада елдің солтүстік-шығысындағы Боджнурд түрмесінде есірткіге қатысты қылмысы үшін дарға асылған еді. Дәрігерлер оны өлді дегенімен, мәйітханада оның тірі екені белгілі болып, ауруханаға жатқызылған еді. Иран билігі оны екінші рет дарға аспақ.

Amnesty International-дың таяу Шығыс және Солтүстік Африка бағдарламасының директоры Филипп Лютер тұтқынды екінші рет дарға асуды "қатыгездік" деп атап, ол "Иран сот жүйесінде адамгершіліктің жоқтығын көрсетеді" деді.

Ұйым дерегі бойынша, биыл Иранда 508 өлім жазасы орындалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!