Эр-Рияд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігінен бас тартты

Фотография - Эр-Рияд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігінен бас тартты

Сауд Арабиясы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болудан орнынан бас тартты. Эр-Риядтың мәлімдеуінше, "кеңес қақтығыстар мен соғыстарды тоқтатуға қауқарсыз"

312 0

Сауд Арабиясы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болудан орнынан бас тартты. Эр-Риядтың мәлімдеуінше, "кеңес қақтығыстар мен соғыстарды тоқтатуға қауқарсыз".

17 қазанда Сауд Арабиясы Чад, Чили, Литва және Нигериямен бірге бірінші рет кеңеске тұрақты емес мүше болып сайланған еді. Бірақ бүгін Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі "Қауіпсіздік кеңесінің  жұмыс істеу механизмі мен қосстандарты оның әлемде бейбітшілік орнату міндетін атқаруына кедергі келтіреді" деген мәлімдеме жасады.

Эр-Рияд кеңестегі орнын тек онда реформалар жүргізілгеннен соң ғана иеленетінін білдіргенімен, нақты қандай реформалар қалайтынын ашып айтпады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет мүше. Олардың бесеуі - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция тұрақты мүше. Бұл елдердің халықаралық қандай бір мәселер талқыға салынғанда вето қою құқығы бар. Қалған он елді БҰҰ Бас ассамблеясы әр құрлық пен аймақтан әрбір бес жылда екі жыл мерзімге сайлайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылғы тұрақты емес мүшелігіне сайланудан Қазақстан да үміттеніп отыр.

Қауіпсіздік кеңесі бұған дейін Сириядағы қақтығыстарды шешу мәселесінде екіге жарылған еді. Сауд Арабиясы Сириядағы қақтығыстарда көтерілісшілерді қолдайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!