Ресей Иракқа зымыран тасымалдап жатыр

Фотография - Ресей Иракқа зымыран тасымалдап жатыр

Ресей Иракқа тік ұшақтар мен зымырандар тасымалдай бастады

149 0

Ресей Иракқа тік ұшақтар мен зымырандар тасымалдай бастады. Екі ел арасында миллиардтаған қаржыға жасалған келісім-шартқа өткен жылы қол қойылған болатын. Ирак премьер-министрінің кеңесшісі Әли әл-Мұсауидің айтуынша, қару-жарақ лаңкестікке қарсы күресу мақсатында сатып алынып жатыр.

Ирак Ресейден МИ-35 және МИ-38 маркалы 40 тікұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Ирак ұшқыштарының алдыңғы легі МИ-35 тіұшағын пайдалануды үйренді. Сонымен қатар, ресей кәсіпорындары Ирак қорғаныс саласына зенитті зымырандар жеткізеді.

Ресей мен Ирак басшылары 2012 жылдың қазан айында $4,3 млрд. Долларға келісім-шарт жасаған. Сөйтіп, Ресей АҚШ-тан кейінгі Иракқа қару-жарақ сатқан екінші мемлекет болып отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!