Қажыларға 1 миллионнан аса Құран таратылды

Фотография - Қажыларға 1 миллионнан аса Құран таратылды

Сауд Арабиясының Ислам діні жөніндегі министрлігі қажыларға қасиетті Құранның 1,350 млн. данасын тегін үлестіреді. Қасиетті екі мешіттің қамқоршысы жомарттық танытып, қажыларға осындай сыйлықты тартуды жөн көріп отыр

159 0

Сауд Арабиясының Ислам діні жөніндегі министрлігі қажыларға қасиетті Құранның 1,350 млн. данасын тегін үлестіреді. Қасиетті екі мешіттің қамқоршысы жомарттық танытып, қажыларға осындай сыйлықты тартуды жөн көріп отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Мұсылмандардың киелі кітабы Мәдина қаласындағы Фахда королінің атындағы қасиетті Құранды басып шығаратын кешенде араб және әлемнің өзге де тілдерінде басылып шыққанын айта кету керек. Қажыларға жылда осындай тарту-таралғы берілетінін еске сала кеткіміз келеді. Корольдіктің барлық аумағында, соның ішінде, әуежайлар мен айлақтарда араб, түрік, урду, тай, қытай, француз, испан, неміс және басқа да тілдерде жарық көрген қасиетті Құран таратылатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!