АҚШ әскері Манас әуежайынан кете бастады

Фотография - АҚШ әскері Манас әуежайынан кете бастады

АҚШ Қырғызстанның Манас халықаралық әуежайындағы әскери базасын әкете бастады

123 0

АҚШ Қырғызстанның Манас халықаралық әуежайындағы әскери базасын әкете бастады - деп хабарлады  baq.kz

Мұнда НАТО-ның мыңға жуық сарбазы қызмет етуде. Оларды әкету үдерісі 2014 жылдың шілдесіне дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда қырғыз елінің Президенті Алмазбек Атамбаев Манас әуежайын жалға беруге қатысты АҚШ-пен жасалған келісімшарттың күшін жою туралы заңға қол қойған болатын. Манасты пайдаланғаны үшін АҚШ қырғыз қазынасына жылына 200 мыңға жуық АҚШ долларын құйып тұрды. АҚШ пен НАТО 12 жыл бойы бұл базаны Ауғанстанға әскери техника мен сарбаздарды тасымалдау үшін пайдаланып келді. Бірақ былтыр жергілікті тұрғындар база аумағынан қолына кісен салынып, басына қап кигізілген, кепілдікке алынған 4 ауғандықты байқап қалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!