Израилдің бас банкісіне бірінші рет әйел басшы тағайындалды

Фотография - Израилдің бас банкісіне бірінші рет әйел басшы тағайындалды

Израиль үкіметі елдегі Орталық банкі басшылығына Карнит Флугты ұсынған

135 0

Израиль үкіметі елдегі Орталық банкі басшылығына Карнит Флугты ұсынған, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі. К.Флуг Израиль тарихында Орталық банкі басшылығына тағайындалған алғашқы әйел адам.

58 жастағы К.Флуг бұған дейін Орталық банктің төрағасы Стэнли Фишердің орынбасары болып жұмыс істеген. Ол маусым айында отставкаға кеткен болатын. 4 айдан бері банк басшысының міндетін Карнит атқарып келген болатын.

С.Фишер болса өз орнына Карнитті ұсынған екен, алайда премьер Биньямин Нетаньяху халықаралық беделі бар 1990-ншы жылдары Израиль ОБ-ін басқарған, қазіргі JPMorgan Chase International-дың төрағасы Якоб Френкельді таңдаған. Алайда Я.Френкель баспасөз бетінде «Гонконгта дүкеннен зат ұрлады» сыбыс шыққан соң бұл лауазымнан бас тартқан. Тағы бір үміткер Bank Hapoalim бас экономисі Лео Лейдерманда бұл ұсынысты қабылдамапты.

Ақырында үкімет басшысы мен экономика министрі К.Флугты елдегі бас банк басшылығына тағайындаған.

К.Флуг болса Американың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде докторлық диссертация қорғаған. Халықаралық валюто қорында сарапшы ретінде қызмет еткен. 2001 жылдан бастап Израиль бас банкісінің зерттеу департаментін басқарған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!