Румынияда шерушілер Молдовамен қосылуға шақырды

Фотография - Румынияда шерушілер Молдовамен қосылуға шақырды

Бухаресте жексенбіде мыңдаған адам Румынияның Молдовамен қосылуын талап етіп шеруге шықты. Тұрғындар Ресейге қарсы ұрандар ұстап, румын үкіметін Молдовамен бірігуді басты міндет деп тануға шақырды

167 0


Бухаресте жексенбіде мыңдаған адам Румынияның Молдовамен қосылуын талап етіп шеруге шықты. Тұрғындар Ресейге қарсы ұрандар ұстап, румын үкіметін Молдовамен бірігуді басты міндет деп тануға шақырды.

Шеруді ұйымдастырушылар Молдовамен бірігуді қолдайтын 100 мың адамның қолын жинағандарын айтады.

Қазіргі Молдованың көп бөлігі екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Румынияның жері болып, кейін СССР оны өз құрамына кіргізген.

Молдова мен Ресей саясаткерлері Бухаресті "бұрынғы провинциясын қосып алуға тырысады" деп айыптайды. Бірақ Румыния Молдованың тек Еуропа Одағына қосылуына ықпал еткісі келетінін айтады - деп хабарлады azattyq.org

Румыния 2007 жылы Еуропа Одағына мүше болған. Молдова Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісім жасауға мүдделі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!