Ауған әскерінің командирі Талибан жағына шыққан

Фотография - Ауған әскерінің командирі Талибан жағына шыққан

Ауғанстанның арнайы мақсаттағы әскер бөлімдерінің бірінің командирі Монсиф Ханның Талибан жағына өтіп кеткені туралы хабар тарады.

139 0

Ауғанстанның арнайы мақсаттағы әскер бөлімдерінің бірінің командирі Монсиф Ханның Талибан жағына өтіп кеткені туралы хабар тарады.

Монсиф Хан Кунар уәлаятының астанасы Асадабадтағы 20 адамнан тұратын арнайы жасақта қызмет еткен. Уәлаят губернаторы Шуя ул-Мулх Джала Монсиф Ханның Талибан жағында соғысатын "Хеб-е-Ислами" тобы құрамына кіріп кеткенін мәлімдеді.

Уәлаят губернаторының айтуынша,  Монсиф Хан өзімен бірге 30 автомат пен бірнеше қару-жарақ және америкалық әскери техниканы алып кеткен.

Жергілікті билік бұрынғы командирді іздестіріп жатыр.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!