Иосип Броз Титоның жесірі қайтыс болды

Фотография - Иосип Броз Титоның жесірі қайтыс болды

Белградтағы ауруханалардың бірінде 88 жасында Югославияның бұрынғы диктаторы Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз жүрегі тоқтап қайтыс болды

149 0


Белградтағы ауруханалардың бірінде 88 жасында Югославияның бұрынғы диктаторы Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз жүрегі тоқтап қайтыс болды.

Сербия премьер-министрі Ивица Дачич Йованка Брозды "Сербия тарихының сенімді соңғы куәгері еді" деп атап, еске алды.

Иосип Броз Тито Йованка Брозбен 1952 жылы қосылған. 1980 жылы күйеуі қайтыс болған соң Йованка Броз жалғыздықта өмір кешті. Титодан кейін билікке келгендер "төңкеріс жасауды жоспарлады" деген күдікпен Титоның әйелін іс жүзінде үйқамақта ұстады - деп хабарлады azattyq.org

Йованка Броз қиын жағдайда тұрды. 2006 жылы Йованкаға Сербия үкіметі көмек ұсынған. 2009 жылы оған Сербия азаматтығы беріліп, зейнетақы тағайындалған еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!