Франция тыңшылыққа қатысты АҚШ елшісін шақыртты

Фотография - Франция тыңшылыққа қатысты АҚШ елшісін шақыртты

Франция сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың осы елдегі елшісін АҚШ-тың Франция азаматтарына тыңшылық жасағаны туралы ақпараттан соң жауап беруге шақыртты

155 0

Франция сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың осы елдегі елшісін АҚШ-тың Франция азаматтарына тыңшылық жасағаны туралы ақпараттан соң жауап беруге шақыртты.

Француздың Le monde басылымы бүгінгі санында АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) Франциядағы 70 миллионнан астам телефон әңгімесін жазып алғаны туралы мақала басқан еді. Басылым АҚШ ҰҚА-нің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнен алған ақпараттарға сүйеніп, 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың қаңтарына дейін арнайы бағдарлама арқылы Франциядағы белгілі бір телефон әңгімелері мен хабарламаларын жазып алғанын жазған.

Француз басылымы тек күдікті терроршылар ғана емес, ірі бизнесмендер мен саясаткерлердің телефондары да тыңдалуы мүмкін деген - деп хабарлады azattyq.org

Германияның Der Speigel апталығы да бұған дейін АҚШ агенттері Мексика президенті Фелипе Кальдеронның электронды поштасын бұзып кіргені туралы хабарлаған еді. Мексика бұған қатысты АҚШ-тан түсінік беруді талап етіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!