АҚШ-та оқушы мұғалімін атып тастап, өзіне қол жұмсаған

Фотография - АҚШ-та оқушы мұғалімін атып тастап, өзіне қол жұмсаған

Спарк қаласындағы мектептердің бірінде оқушы математика мұғалімін атып өлтірді. Мылтықтың дауысы таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден кейін естілген, деп хабарлайды Newsru.com.

177 0

 Спарк қаласындағы мектептердің бірінде оқушы математика мұғалімін атып өлтірді. Мылтықтың дауысы таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден кейін естілген, деп хабарлайды Newsru.com.

Мәліметтерге қарағанда, оқушы мектеп сыртында орналасқан баскетбол алаңында оқ атып бастаған.

Салдарынан 12 жасар екі бала жарақат алды. Оқ біреуінің ішіне тисе, екіншісіне иығына тиген. Қатты жараланған балаға ота жасалды.

«Ал оқ атқан бала өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысқан»,-деп мәлімдеді Спарк мэрийінің өкілі Шон Кэри.

Оқушы мылтықты ата-анасынан алған.

Оның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Баланың туысқандары мен достарынан, мектеп мұғалімдері мен оқушылардан жауап алынуда. Осы оқиғаға байланысты мектепте сабақ уақытша тоқтатылды.

Полиция қайғылы оқиғаға байланысты жөнді ештеңе айтпайды. Тек қаза тапқан мұғалімнің сыныпқа қару әкелген оқушыға мылтықты оған беруін сұрап, өзіне және айналасына зиянын тигізбеуін өтінгені белгілі болды. Алайда бұған көнбеген бала ұстазына бірнеше мәрте оқ атқан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!