Британияда дүкеннен алынған сырa бөтелкесінен 50 шыбын шыққан

Фотография - Британияда дүкеннен алынған сырa бөтелкесінен 50 шыбын шыққан

Британдық Уорикшир графтығының Нанитон қаласының тұрғыны өзі сатып алған сыра бөтелкесінен 50 өлі шыбын тауып алды

276 0

Британдық Уорикшир графтығының Нанитон қаласының тұрғыны өзі сатып алған сыра бөтелкесінен 50 өлі шыбын тауып алды. Бұл туралы бірқатар БАҚ-қа сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпарат көзінің дерегінше, Дэниел Бэйл есімді азамат жергілікті дүкеннен достарымен бір қуанышты жағдайды атап өту үшін алты бөтелке сыра сатып алған. Көңілді топ думандатып отырып екеуін тауысады, алайда, үшіншісін ішісімен жүректерінің лоблығанын байқайды. Мұның себебін тексере келе, ішімдік құтысының түбінен қаптаған өлі шыбындарды тауып алған.

«Сыра біртүрлілеу – қышқылтым және өте жылы болды, сондай-ақ, сұйықтықтың арасында шай шәмбісіне ұқысас қиындылар жүзіп жүрді. Бұл неден деп мән бере қарағанда, оның арасында шыбындарды байқадым. Бұл дегеніңіз сондай жиіркендірді және мүмкін еместей көрінді», - деп ағынан жарылды британдық.

2013 жылдың қыркүйегінде осы тектес оқиға АҚШ-та, атап айтқанда, Техаста орын алған болатын. Америкалық азамат ол жолы сыра ішінен өлі жылан тауып алған болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!