Грекияда қабырғасына жалаңаш әйелдің суреті ілінген

Фотография - Грекияда қабырғасына жалаңаш әйелдің суреті ілінген

Грекияның Салоники қаласында өткен «Биенналь» өнер фестивалі үлкен дау-дамайға түрткі болып, жұртты дүрліктірді

389 0

Грекияның Салоники қаласында өткен «Биенналь» өнер фестивалі үлкен дау-дамайға түрткі болып, жұртты дүрліктірді.Айғай-шу Анжи Леккьянің туындысының төңірегінде өрбіді. Дәлірегін айтсақ, бұл дауға фестиваль ұйымдастырушылары кінәлі. Француздық автордың «Нимфеа» деп аталатын бейнеинсталляциясын олар осы шаһардағы «Алака Имар» мешітінің сыртына ілуді жөн санапты. Мешіттің уақытша жөндеу жұмыстарына жабылғанын желеу қылса керек.

Осы келеңсіздікке байланысты «Македония-Шығыс Фракияның ислам мәдениеті мен ағарту қауымдастығы» өкіілдері қала әкімі Яннис Бутариске шағым түсірді. Олар биліктен өзге дін өкілдеріне құрмет көрсетуді талап етуде.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!