Иран Ресейге америкалық ұшақтың көшірмесін сыйлады

Фотография - Иран Ресейге америкалық ұшақтың көшірмесін сыйлады

Иран Ресейге америкалық ScanEagle ұшқышсыз ұшатын ұшағының төл өндірістік көшірмесін сыйға тартты

142 0

Иран Ресейге америкалық ScanEagle ұшқышсыз ұшатын ұшағының төл өндірістік көшірмесін сыйға тартты. Бұл туралы Gazeta.ru дерегіне сілтеме жасап Day.Az хабарлайды. 

Аталған үлгі Тегерандағы Иран және Ресей әскери басшылығының кездесуі барысында ұсынылған.

Америкалық ұшқышсыз ұшатын ұшағы 2012 жылдың желтоқсанында Иран аумағында қолға түсірілген болатын. Осы оқиғадан соң Тегеран ресми түрде ұшқышсыз ұшақтардың жаппай өндірісін жолға қоятынын хабарлаған еді.

«Өз кезегінде бұл үлгі сондағы мәлімдеменің іске асқан дәлелі ретінде көрсетілімге қойылды», - деп атап өтеді ақпарат көзі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!