Қытайда ауа ластануынан қозғалыс шектелді

Фотография - Қытайда ауа ластануынан қозғалыс шектелді

Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбин қаласын қою түтін жауып, салдарынан авто көлік жолдары жабылды. Әуежайда әуе рейстері кейінге шегерілді

174 0

Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбин қаласын қою түтін жауып, салдарынан авто көлік жолдары жабылды. Әуежайда әуе рейстері кейінге шегерілді.

Харбиндегі ауаның ластану деңгейі халықаралық рұқсат етілген нормадан 40 есе артып кеткен. 50 метрден арыдағы жол көрінбейді. Жергілікті биліктің шешімімен барлық мектептер уақытша жабылып, сабақтар тоқтатылған.

Қаладағы экологиялық проблема 20 қазанда, жылыту жүйесін іске қосу барысында басталған. Қою түтін қалада алдағы күндері ғана сейілуі мүмкін деген болжамдар айтылды.

АҚШ-тың Health Effects Institute ұйымының дерегі бойынша, түрлі елдердегі өнеркәсіп орталықтарында ауаның ластануы жыл сайын жүздеген мың адамның мезгілсіз дүние салуына әкеліп соғады. 2010 жылы ауаның ластануынан туындаған аурулардан әлемде 1 миллион 200 мың адам  қайтыс болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!