«Сочи-2014» эстафета кезеңінде олимпиада алауы 13 жасар қыздың қолында жарылды

Фотография - «Сочи-2014» эстафета кезеңінде олимпиада алауы 13 жасар қыздың қолында жарылды

Осыған дейін олимпиада алауының эстафетасы кезінде шырақ бірнеше рет сөнген. Костромада  олимпиада алауы эстафетасының кезекті кезеңінде факел 13 жасар қыздың қолында жарылған

132 0

Осыған дейін олимпиада алауының эстафетасы кезінде шырақ бірнеше рет сөнген. Костромада  олимпиада алауы эстафетасының кезекті кезеңінде факел 13 жасар қыздың қолында жарылған.

Зардап шеккен қыздың қолын күйік шалып, медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Жас қыз болған жағдайға қарамастан, өз кезеңін жүгіріп өткен. Күйік шалған жараның аса қауіпті емес екендігі және оның тез жазылып кететіндігі айтылуда.

Осыған ұқсас жағдай 2000 жылы Олимпиада ойындары Австралияның Сидней қаласында өткенде орын алған еді. Онда да 13 жасар қыздың қолына (Канберра тұрғыны) алауды беру кезінде газ білтесі істемейтіндіктен жарылған. Абырой болғанда, бұл жағдайдың арты жақсы аяқталды, мектеп оқушысы эстафетадағы өз кезеңін жалғастыра алды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, бұл «Сочи-2014» олимпиада алауына байланысты мәселе туындап отырған бірінші жағдай емес. Осыған дейін хабарланғандай, олимпиада эстафетасына қатысушылардың кейбіреуінің қолындағы алауы сөніп қалған


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!