Обама жүкті әйелді есінен таңдырды

Фотография - Обама жүкті әйелді есінен таңдырды

АҚШ президенті Барак Обаманың денсаулық сақтау саласындағы реформалар жайында оқыған баяндамасы соңына жетпей аяқ астынан үзілді

139 0

АҚШ президенті Барак Обаманың денсаулық сақтау саласындағы реформалар жайында оқыған баяндамасы соңына жетпей аяқ астынан үзілді.

Ақ үй басшысы баяндама оқып тұрған сәтте артында тұрған жүкті әйел есін жоғалтып, жерге отыра бастаған. Алайда, президент оның құлауына жол бермей, дер кезінде ұстап қалған - деп хабарлады  baq.kz

"Міне, мен көп сөйлеген кезде осындай жайттар болып тұрады" деп әзілдеді Обама көпшілік алдында.

Жүкті әйел тез есін жинады. Дәрігерлер оны Ақ үйден алып кеткен. Ал, президент болса баяндамасын әрі жалғастырып, келушілерді жаңа реформамен таныстырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!