Гүлнара Каримова бақылайтын телеарналар жұмысы тоқтады

Фотография - Гүлнара Каримова бақылайтын телеарналар жұмысы тоқтады

Өзбекстанда президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова бақылайтын бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты

249 0

Өзбекстанда президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова бақылайтын бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты. TV-Markaz, NTT және SOFTS телеарналары дүйсенбі, 21 қазанда күндіз хабар таратуды дереу тоқтатқан.

Кейбір хабарларға қарағанда, Каримова бақылауда ұстайтын тағы бір телеарна  - Forum TV де 21 қазаннан бері елдің кейбір аймақтарында хабар таратпай тұр.

TV-Markaz телеарнасының өкілі бүгін телеарна мен оған еншілес SOFTS-тың жұмысы "техникалық  жөндеу жұмыстарына байланысты" тоқтатылғанын айтты.

Бірақ Өзбекстанның тәуелсіз үкіметтік емес Электрондық медиа ассоциациясының өкілі телеарналардағы қандай да бір техникалық жөндеу жұмыстарынан хабарсыз екенін, дегенмен бүгін кешке телеарналар қайта хабар тарата бастайтынын айтқан - деп хабарлады azattyq.org

Аталған телеарналарда Гүлнара Каримованың бизнесін насихаттайтын көптеген бағдарламалар бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!