Арабтар жаппай ажырасып жатыр

Фотография - Арабтар жаппай ажырасып жатыр

Сауд Арабиясында әр сағат сайын үш отбасы ажырасады екен. Биылғы жылдың өзінде елдегі 30 мың жұптың шаңырағы шайқалған деп хабарлайды "Әл-Иктисадия" басылымы

437 0

Сауд Арабиясында әр сағат сайын үш отбасы ажырасады екен. Биылғы жылдың өзінде елдегі 30 мың жұптың шаңырағы шайқалған деп хабарлайды "Әл-Иктисадия" басылымы.

Дереккөздің мәлімдеуінше, Сауд Арабиясы ажырасу фактісі бойынша араб елдері арасында екінші орында екен. Ал, бірінші орында Бахрейн, үшінші орында Катар мемлекеті.

Бүгінде Сауд Арабиясындағы неке институты әбден құлдырап біткен. Ажырасатындардың 90 пайызы жергілікті арабтар. Тек екі пайызында ғана әйелі өзге елдің азаматы болып шығады.

Ел билігі бұл мәселеге енді ғана алаңдай бастады. Қазір олар мектептер мен жоғары оқу орындарында отбасының құндлықтары жайында дәріс енгізуді қолға алып отыр. Мамандардың айтуынша, ажырасуларға негізгі себеп болатын фактор - жас жұбайлардың тәжірибесіздігі. 15 жастан бастап үйленетін қыз-жігіттер бірін-бірі түсінісе алмай ерте ажырасып жатады - деп хабарлады  baq.kz

Ал, "Әл-Мавадда" әлеуметтік көмек қорының жетекшісі Аннас Абдул Уаххабтың айтуынша, ажырасуға негізінен сенімсіздік себеп болатын көрінеді. "Осыдан 5-6 жыл бұрын ажырасатындардың басым бөлігі есірткінің салдарынан кетісетін. Ал, қазір біріне-бірі сенбейді. Басты себеп - зинақорлық" деді маман. Оның айтуынша, араб жастарын тура жолдан тайдырған Twitter мен Facebook әлеуметтік желілері.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!