AI Чехиядан Параскевичті экстрадицияламауды сұрады

Фотография - AI Чехиядан Параскевичті экстрадицияламауды сұрады

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Чехия билігін Интерполдың сұрауы бойынша ұсталған Татьяна Параскевичті Украина мен Ресейге экстрадицияламаға шақырды

185 0

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Чехия билігін Интерполдың сұрауы бойынша ұсталған Татьяна Параскевичті Украина мен Ресейге экстрадицияламаға шақырды.

18 ай бойы Чехияда қамауда болған 49 жастағы Параскевич қазақстандық бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен байланысты қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Ресей мен Украина Чехиядан оны қайтаруды сұраған.

Amnesty International егер Параскевич Ресейге немесе Украинаға экстрадицияланса, ол одан ары Қазақстанға тапсырылып, азаптауға душар болуы мүмкін дейді.

Чехия билігі Параскевичке саяси баспана беру мәселесіне қатысты әзірге шешім қабылдаған жоқ. Саяси баспана берілсе, ол басқа елге қайтарылмайды - деп хабарлады 

Биыл Еуропа елдерінде Мұхтар Әблязов пен оның бірнеше серігі қамауға алынды. Сыншылар Әблязовтің ісінде саяси астар бар деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!