АҚШ "Франциядағы тыңшылыққа" қатысты түсінік берді

Фотография - АҚШ "Франциядағы тыңшылыққа" қатысты түсінік берді

АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клаппер америкалық арнайы қызметтің Франция азаматтары сыртынан тыңшылық жасағаны туралы ақпаратты "нақты емес және түсінбеушілікке әкеп соқтырады" деп атады

143 0

АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клаппер америкалық арнайы қызметтің Франция азаматтары сыртынан тыңшылық жасағаны туралы ақпаратты "нақты емес және түсінбеушілікке әкеп соқтырады" деп атады.

21 қазанда франциялық Le Monde басылымы АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Франция азаматтарының 70 миллионнан астам телефон әңгімелері мен хабарламаларын жазып алғаны туралы мақала басқан еді. Басылым мұндай ақпаратты АҚШ-тың бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнен алғанын жазған.

АҚШ ұлттық барлау қызметі таратқан ақпаратта Джеймас Клаппер Le Monde жариялаған деректі "жалған" деп танып, "АҚШ өз халқы мен одақтастарының мүддесі үшін басқа да елдер айналысатын ақпарат жинау тәсілін қолданады" деген.

Франция басылымдағы мақаладан соң АҚШ-тың осы елдегі елшісін түсінік алу үшін дереу шақыртқан.

Бұған дейін Мексика президенті Энрике Пенья Ньето мен экс-президент Фелипе Калдеронның электрондық пошталары бұзылғаны туралы хабарланған. Мексика сыртқы істер министрі ол елдегі АҚШ елшісін дереу шақыртып, ақпаратты тексеретіндерін айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!