Иран уран байытуды тоқтатты

Фотография - Иран уран байытуды тоқтатты

Иран парламентінің депутаты Тегеран "уранды 20 пайызға дейін байытуды тоқтатқанын" хабарлады.

148 0

Иран парламентінің депутаты Тегеран "уранды 20 пайызға дейін байытуды тоқтатқанын" хабарлады.

Иран парламентінің веб-сайтында жарияланған хабарламада парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті басшысының орынбасары Хоссейн Накави Хоссейни Иран Тегерандағы эксперименталды ядролық реакторға қажетті байытылған уран өндіріп алғанын айтып, "енді қосымша байытылған уранға қажеттілік жоғын" білдірген.

Тегерандағы тәжірибелік ядролық медициналық изотоптар өндіруге арналған. Бірақ АҚШ пен өзге де батыс елдері Иранның уран байыту бағдарламасы ядролық қару жасауды көздейді деп санайды.

Хоссейни бұған қоса "Иран барлық 20 пайызға байытылған уранын атом АЭС реакторына қажетті материалға айналдыруға дайын" екенін айтқан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты соңғы рет Женевада өткен халықаралық келіссөздерде уранды 20 пайызға байытуды тоқтатуды ұсынған.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!