АҚШ-та Ресей мәдени бағдарламасын тексеріп жатыр

Фотография - АҚШ-та Ресей мәдени бағдарламасын тексеріп жатыр

Америкалық Mother Jones журналы Федералдық тергеу бюросы (FBI) Ресейдің "Ресей ынтымақтастығы" мәдени бағдарламасын "АҚШ азаматтарын барлау жұмысына тартпақ болды" деген күдікпен тексеріп жатқаны туралы хабарлады

178 0

Америкалық Mother Jones журналы Федералдық тергеу бюросы (FBI) Ресейдің "Ресей ынтымақтастығы" мәдени бағдарламасын "АҚШ азаматтарын барлау жұмысына тартпақ болды" деген күдікпен тексеріп жатқаны туралы хабарлады.

Басылымның жазуынша, FBI АҚШ-тағы "Ресей ынтымақтастығы" мәдени бағдарламасына қатысқан америкалықтарды тергеп жатыр. Бағдарламаны Вашингтондағы Ресей мәдени орталығының директоры Юрий Зайцев басқарады. Дипломатиялық иммунитеті бар Зайцев басылымға тергеуге қатысты түсінік беруден бас тартқан.  

2001 жылдан бері "Ресей ынтымақтастығы" бағдарламасы бойынша 130-ға жуық америкалық Ресейге тегін сапар жасаған. Бағдарламамен Ресейге барғандар онда биліктегі "Единая Россия" партиясының жоғары шенді өкілдерімен, оның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласының басшыларымен кездескен.

Mother Jones журналына сұхбат берген үш америкалық Ресейге сапарында "күдікті ешнәрсе болмағанын" және "сапарға дейін және одан соң Юрий Зайцевпен ешқандай байланыстары жоғын" айтқан. Америкалықтар тергеушілер өздеріне Зайцевтің қызметіне қатысты сұрақтар қойғанын жеткізген.

FBI бұл ақпаратқа қатысты түсінік беруден бас тартты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!