Германия "тыңшылыққа" қатысты АҚШ елшісін шақыртты

Фотография - Германия "тыңшылыққа" қатысты АҚШ елшісін шақыртты

Германия канцлер Ангела Меркельдің телефондағы әңгімелерін Вашингтонның тыңдағаны туралы мәліметке наразылық білдіріп, АҚШ-тың осы елдегі елшісін жауап беруге шақыртқан

127 0


Германия канцлер Ангела Меркельдің телефондағы әңгімелерін Вашингтонның тыңдағаны туралы мәліметке наразылық білдіріп, АҚШ-тың осы елдегі елшісін жауап беруге шақыртқан.

Германия үкіметінің аты-жөнін атамаған өкілінің айтуынша, бүгін сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле АҚШ елшісі Джон Эмерсонмен кездеспек. Елшіні шақыртып алу екі ел қарым-қатынасында бұған дейін болмаған жағдай.

Кеше Ангела Меркель АҚШ президенті Барак Обамаға хабарласып, өз телефонын АҚШ арнайы қызметінің жасырын тыңдағаны мүмкін екенін айтқан еді.

Германия үкіметінің өкілі Штеффен Зайберт Меркельдің Обамаға егер АҚШ-тың "тыңшылық жасалғаны дәлелденсе, ол өзара сенімді қатты бұзатынын" ескерткенін айтады.

Ақ үй Барак Обаманың Ангела Меркельге АҚШ барлау қызметі оның телефон байланыстарына тыңшылық жасамағанына сендірген.

Әлемде көптеген азаматтардың телефондағы және интернеттегі байланыстарына АҚШ үкіметінің бақылау жасайтыны туралы деректерді осы елдің Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден жариялаған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!