Дипломат полицей қолынан мерт болды

Фотография - Дипломат полицей қолынан мерт болды

Оңтүстік Африка мемлекетінде жергілікті полицей зимбабвиялық дипломатты атып түсірді. Бұл жөнінде Синьхуа агенттігі хабарлайды

139 0

Оңтүстік Африка мемлекетінде жергілікті полицей зимбабвиялық дипломатты атып түсірді. Бұл жөнінде Синьхуа агенттігі хабарлайды. 

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 19 қазанда ел астанасы Преторида орын алған. Полицей дипломаттың жолын бөгеп, көліктен шығуын талап еткен. Алайда, зимбабвиялық азамат полицейді жалған форма киген бұзақы деп есептеп, орнынан тұра қашқан екен.

Айта кетейік, жергілікті ішкі істер бөлімшесінің өкілдері полицейді тұтқынға алып үлгерген.

Әзірге тергеушілер қандай да бір мәлімет таратудан бас тартып отыр.

Бұл ретте Зимбабвенің елшілігі ОАР-ның Сыртқы істер министрлігіне тиісті шағымын түсірді.


 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!