Каддафидің ұлы төңкерісшілер өлімі үшін айыпталуда

Фотография - Каддафидің ұлы төңкерісшілер өлімі үшін айыпталуда

Триполи соты кешегі күні Муаммар Каддафи билігі кезінде маңызды мансаптарда қызмет атқарған 30 жоғары лауазымды тұлғаға бірнеше ауыр қылмыстар бойынша айып тақты

223 0

Триполи соты кешегі күні Муаммар Каддафи билігі кезінде маңызды мансаптарда қызмет атқарған 30 жоғары лауазымды тұлғаға бірнеше ауыр қылмыстар бойынша айып тақты. Agence France-Presse хабарына қарағанда, күдіктілердің қатарында бұрынғы ел басшысының ұлы Сейф әль-Ислам Каддафи де бар. Бұл жайында Newtimes.kz ақпарат агенттігінде жарияланды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, барлық қылмыстар 2011 жылы Каддафи режиміне қарсы төңкеріс кезінде орын алыпты.

Дегенмен, айыптар тағылған отырысқа 12 күдікті ғана әкелінген. Қалғандарына тиісті құжаттар кейін берілмекші. Біржағынан бұл кейбір күдіктілердің сотқа келер жолдағы күзетін күшейту үшін жасалған. Өйткені, оларды жолай босатып алуға тырысатындар табылуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!