Виталий Кличко Украина президенті сайлауына қатыспақ

Фотография - Виталий Кличко Украина президенті сайлауына қатыспақ

Бокстан әлем чемпионы және Украинаның демократиялық "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсетінін тағы мәлімдеді.

231 0

Бокстан әлем чемпионы және Украинаның демократиялық "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсетінін тағы мәлімдеді.

Парламент отырысында ол 2015 жылы наурызда өтетін сайлауда қазіргі президент Виктор Януковичке бәсекелес болатынын айтқан.

Спортшы әрі саясаткер Кличконың мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын ғана Жоғарғы Рада депутаттары Украинаның салық туралы заңдарына Кличконың президент сайлауына қатысуына кедергі келтіретін түзетулерді мақұлдаған еді.

Салық заңдарына жасалған өзгерістер бойынша, шетелде тұруға рұқсаты бар азаматтар Украинаның тұрақты азаматы саналмайды.

Украинаның сайлау туралы заңына сәйкес, соңғы он жыл өмірінде Украинада тұрған азаматтар ғана президенттікке кандидат бола алады.

БАҚ-тың мәліметі бойынша, Кличконың Германияда тұруға рұқсаты бар. "Удар" альянсы өкілдерінің айтуынша, салық кодексіне түзетулер боксшыға сайлауға қатысуға кедергі келтіру үшін енгізіліп отыр.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!