16-шы қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

Фотография - 16-шы қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

Мәскеу маңындағы Коломна елді мекенінде тұрғын үйдің 16 қабатынан құлаған ер адам тірі қалды, алайда ол аяғынан айрылған

147 0

Мәскеу маңындағы Коломна елді мекенінде тұрғын үйдің 16 қабатынан құлаған ер адам тірі қалды, алайда ол аяғынан айрылған. Бұл туралы ІІМ облыстық бөлімшесі баспасөз қызметінің өкілі хабарлады.

«Болжам бойынша, бүгін түнде ер адам тұрғын үйдің 16-қабатынан құлаған. Салдарынан оның бір аяғы жұлынып, екіншісі зақымданды. Зардап шеккен адам басқа аймақтың тұрғыны болып шықты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр», - деді тәртіп сақшысы. Оның сөзіне қарағанда, аталған факті бойынша, тексеріс жүргізіліп, жағдайдың орын алу себептері анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!