Сноуден АҚШ-тың бүкіл қитұрқы әрекеттерін әшкере етті

Фотография - Сноуден АҚШ-тың бүкіл қитұрқы әрекеттерін әшкере етті

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік қызметі 35 елдің президентінің телефондағы әңгімелерін тыңдап келген. Бұл туралы АҚШ Орталық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден ұсынған құпия құжаттардан айтылған

91 0

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік қызметі 35 елдің президентінің телефондағы әңгімелерін тыңдап келген. Бұл туралы АҚШ Орталық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден ұсынған құпия құжаттардан айтылған.

Қай президенттердің әңгімелерін тыңдағаны туралы нақты мәлімет жоқ. Әлем көшбасшыларының телефон нөмірлерін қауіпсіздік қызметіне америкалық шенеунік берген.

Естеріңізде болса, Германия канцлері Барак Обамаға телефон соғып, телефондағы әңгімемді тыңдауды доғарыңдар деген. Берлин Вашингтоннан бұл ісі үшін түсініктеме беруін талап еткен. Өйтпегенде, екі ел арасындағы сенімділік жоғалады деп қорқытқан.

Мұндай жағдай Франция басшысының басында да болған. Жергілікті мерзімді басылымдардың жазуынша, Американың қауіпсіздік қызметінің мамандары он миллиондаған француздардың телефондағы әңгімелерін тыңдаған.

Эдуард Сноуден АҚШ-тан кеткелі елдің ұлттық қауіпсіздік қызметінің бірталай қитұрқы әрекеттері әшкере болды. Сноуден 2013 жылдың маусым айында америкалық қауіпсіздік қызметі мамандарының әлем азаматтарын аңдығаны туралы мәліметтерді берген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!