Америкалықтар ел билігінің тыңшылығына қарсы

Фотография - Америкалықтар ел билігінің тыңшылығына қарсы

АҚШ-та 5 мыңға жуық адам Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тыңшылығына қарсы наразылық шарасын өткізді

106 0

АҚШ-та 5 мыңға жуық адам Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тыңшылығына қарсы наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.

Ереуілшілер америкалықтарға қатысты астыртын әрекеттерін доғарып, арнайы қызметтің осы саладағы мүмкіндіктерін шектейтін заң қабылдауды талап етуде. Бұл шара конгреспен қабылданған Париоттық актінің 12 жылдығына орай өтті. Дәл осы акт электронды хабарламалар мен телефон әңгімелерін аңдып отыру бағдарламасына негіз болған. Айта кетейік, осы аптада Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Германия канцлерінің телефонын тыңдап келді деген ақпарат жаһанға жайылды. Сонымен қатар арнайы қызмет өкілдері Франция азаматтарының да телефон әңгімелерін жасырын тыңдап отырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!