Грузиядағы президент сайлауында Маргвелашвили 63,82 пайыз дауыспен көш бастап келеді

Фотография - Грузиядағы президент сайлауында Маргвелашвили 63,82 пайыз дауыспен көш бастап келеді

«Грузин арманының» кандидаты Георгий Маргвелашвили Грузиядағы президент сайлауында 83 мың 888 дауыс (немесе 63,82 пайыз) жинады

151 0

«Грузин арманының» кандидаты Георгий Маргвелашвили Грузиядағы президент сайлауында 83 мың 888 дауыс (немесе 63,82 пайыз) жинады.

Мұндай мәліметтерді Грузияның орталық сайлау орталығы 440 сайлау учаскесінің бюллетеньдерін қарағаннан кейін келтіріп отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Бірыңғай ұлттық қозғалыс» атынан ұсынылған үміткер Давид Бакрадзе 27 мың 965 ( 21,28 пайыз) дауыс жинаған. Үшінші орында парламенттің бұрынғы спикері Нино Бурджанадзе, қазір оған тиесілі дауыс саны - 12 мың 505 (9,51 пайыз), деп хабарлады «Новости-Грузия».

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша дауыс беруге 1 млн. 648 мың 662 адам қатысқан. Грузияда сайлау алдында 3 млн. 537 мың 719 дауыс беруші тіркелген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!