Камчаткада адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды

Фотография - Камчаткада адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды

Камчаткада жаз басталғалы бері адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды.

143 0

Камчаткада жаз басталғалы бері адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды.

Бұл туралы бүгін орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау агенттігінен ИТАР-ТАСС-қа хабарлады. Онда атап көрсетілгендей, бұрындары бұл сан 40-тан аспайтын.

Аюлар туралы хабарламалар Камчатканың барлық аудандарынан түсе бастаған. Бүгіннің өзінде Петропавловск-Камчатка маңындағы Нагорный кенті мен Мильковский ауданының Таежныйдан осындай хабарлама түскен.

Мамандардың пікірінше, жануарлардың мұндай тосын әрекетке баруларының себебі - олардың ашығуында. Бірқатар аудандарда осы жазда балықтар да кем болды, Сонымен қатар, бұл өңірде аюларға қажетті жеміс-жидек те аз шыққан.

Қазіргі уақытта Камчаткадағы аюлар саны 20 мыңға жуық.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!