Канада да бесінші сынып оқушысы Үкіметтің сайтына бұзып кірген

Фотография - Канада да бесінші сынып оқушысы Үкіметтің сайтына бұзып кірген

Канаданың Монреаль қаласында 12 жасар мектеп оқушысы Үкімет пен полицияның сайтына бұзып кірді.

437 0

Канаданың Монреаль қаласында 12 жасар мектеп оқушысы Үкімет пен полицияның сайтына бұзып кірді. Оның сөзіне қарағанда, ол Anonymous хакерлер ұйымында жұмыс істеген, ал ұйым оның еңбек ақысына бейне ойындарды тегін беріп отырған, деп жазады Fox News.

Бесінші сынып оқушысы Монреаль полициясының, Квебек денсаулық сақтау институты мен Чили үкіметінің сайтына бұзып кіргені белгілі болды.

Жауапқа тартылған хакердің әкесі сотқа ұлымен бірге келді. Қорғаушының сөзіне қарағанда, ол сайтқа саяси мақсатта емес, жәй ғана жаңа міндеттерді орындау үшін бұзып кірген көрінеді.

Полицияның бағалауынша, хакердің бұл әрекетінен 60 мың долларға тарта шығын келген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!