Сирия көтерілісшілері: Женевадағы келіссөзге қатыспаймыз

Фотография - Сирия көтерілісшілері: Женевадағы келіссөзге қатыспаймыз

Сириядағы жетекші көтерілісшіл топтар қарашада Женевада Сирия президенті Башар Асад билігінің өкілдерімен өтеді деп жоспарланған келіссөздерге қарсы екендерін мәлімдеді

230 0

Сириядағы жетекші көтерілісшіл топтар қарашада Женевада Сирия президенті Башар Асад билігінің өкілдерімен өтеді деп жоспарланған келіссөздерге қарсы екендерін мәлімдеді.

Жиырмаға жуық исламшыл топ жариялаған мәлімдемеде "Башар Асадтың билігін тоқтата алмайтын, мемлекеттік террорға қатысы барлардың барлығы жазаланбайтын кез-келген келісімге қарсымыз" делінген.

АҚШ, Ресей және БҰҰ қарашада Женевада Сирияда қақтығысып жатқан Башар Асад үкіметі мен оған қарсы күресіп жүрген оппозициялық көтерілісшілер арасында келіссөздер жүргізуге уағдаласқан.

Бірақ оппозициялық я билік күштерінің ешқайсысы ол келіссөздерге қатысты түсінік берген жоқ - деп хабарлады azattyq.org

Сириядағы үкімет күштері мен оппозициялық топтардың өзара қарулы күрес жүргізіп жатқанына екі жыл болды. БҰҰ дерегі бойынша, қақтығыстарда қаза тапқандар саны 100 мыңнан асқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!